Кәсіптік тәжірибе

Кәсіптік іс-тәжірибе

    Шымкент қаласы білім басқармасының М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар  колледжінде дайындалатын 13-мамандық 19-біліктілік бойынша күндізгі және сырттай оқыту бөлімдердің кәсіби тәжірибелерден өткізу жұмыстары ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде дайындалған типтік және оқу жұмыстық бағдарламаларымен ұйымдастырылған.

Оқу үрдісінің кестесінде оқу- танысу, оқу-өндірістік, өндірістік, технологиялық, диплом алды  тәжірибе мерзімдері сақтала отырып, кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыру және өткізуге қатысты құжаттар-тәжірибе базаларымен келісім шарттар, қатынас хаттар, тәжірибеге жіберу туралы ұсыныстар мен жолдамалар «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 521 бұйрығына сай жасалынады.

Оқу пәнінің жалғасы болып табылатын оқу іс-тәжірибесі барлық мамандықтар бойынша зертханаларда, оқу шеберханаларында, колледждің компьютерлік сыныптарында жүргізіледі.

Мамандықтар бойынша біліктілік алу практикалары өндіріс орындарында жүргізіледі. Практиканың бағдарламалары толық орындалуда. Технологиялық практика қала мен облыстың кәсіпорындарында өткізіледі.

Студенттер практикадан өту барысында істелінген жұмыстары туралы есеп береді, күнделіктері толтырылады және дербес тапсырмалар орындайды.

 Дипломалды практикасының бірден-бір міндеті – студенттердің оқу процесінде алған білімін жинақтап қорыту және практикалық дағдысын кемелдендіру, өндірістің озат технологиясымен, кәсіпорынның ұйымдастырылуымен, экономикасымен тікелей танысып, таңдаған мамандығы бойынша ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетін жетілдіру және дипломдық жобаның материалдарын жинау, әзірлеу.

Студенттердің 2019-2020 оқу жылы іс-тәжірибе орындарымен қамтамасыз етілуі  (мамандықтар бойынша)

р/с

Мамандық атауы

Мекеме

Кәсіптік тәжірибеден өту үшін берілген орын саны

1

1401000 – «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану»

«Өрлеу сапа» ЖШС,

 «Аль Декей» ЖШС,

«Базис-К» ЖШС, 

«Өмірзақ» ЖШС

25

25

25

25

2

0902000 – «Электрмен қамтамасыз ету»

«Ай Сервис Трансф» ЖШС, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Энерго Импульс» ЖШС

50

25

25

3

1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

«КазПочта» АҚШФ,

 «DiTel» ЖШС,

«Шымкент-ТрансТелеКом» АҚШФ

25

25

25

 

4

1305000 – «Ақпараттық жүйелер»

«DiTel» ЖШС

«КазПочта» АҚШФ

25

25

5

0201000 – «Құқықтану»

Шымкент қаласы адвокаттар алқасы

Шымкет қаласы нотариалдық палатасы

Шымкент қалалық мамандандырылған соты

25

 

25

 

25

6

1514000 –«Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану»

«Проект-А» ЖШС, «ЮжКазЭкоПроект» ЖШС

 

25

25

7

0518000 – «Есеп және аудит»

«ForteBank» АҚШФ

«Бухгалтерлік компания «Капитал»

25

25

8

0516000 – «Қаржы»

«Бухгалтерлік компания «Капитал»

«ForteBank» АҚШФ

25

 

25

9

1417000 -Азаматтық ғимараттар ішкі көрінісінің дизайны, қалпына келтіру, қайта құру

«Civil Industrial Project Group» ЖШС

 

 

25

10

0802000 – «Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану»

«НУПЦ Мұнай Газ Проект»

25

         Практиканың әрбір түрі аяқталғаннан кейін практиканттың күнделігіне жасаған жұмысы туралы, оның жұмысқа деген қатынасын анықтайтын, теориялық білімін қолдану шеберлігін бағалайтын кәсіпорын тарапынан тағайындалған практика жетекшісінің пікірі жазылады.

 

kaz

Колледждің ішкі жүйесі

Байланыс

Адрес: Шымкент қ.
А.Байтурсынов көшесі
ғимарат №23
телефон: 8 (7252) 21-28-43
Email: kep_dos@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Copyright © knt-d 2019. Все права защищены.
политика конфиденциальности условия