Қашықтықтан оқыту кезіндегі оқытушылардың қызметі

           Қашықтықтан оқыту кезіндегі оқытушылардың қызметі :

Педагогтер:
– күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды (қысқа мерзімді және орта мерзімде) түзетеді;
– веб-сайттарға, электрондық кітапханаларға және т. б. сілтемелерді қолдана отырып, оқу материалдарын жоспарлау мен құрылымдауды уақтылы жүзеге асырады;
– оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі басшының орынбасарымен жұмыс түрлерін келіседі;
– жұмыстың оңтайлы және әртүрлі түрлерін (видеосабақтар, өзіндік жұмыс, онлайн-курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, телеконференция және
тағы басқа), қолжетімді ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (электрондық журнал, скайп, теле-сабақтар, modul, zoom, электрондық пошта, whatsaap
  чаттар, жеделхаттар және т. б.) қолданады;
– қолданылатын жұмыс түрлері туралы ақпаратты білім алушылардың, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) назарына уақытылы жеткізеді;
– бекітілген оқу кестесіне сәйкес, оның ішінде өзіндік жұмысқа бақылау жүргізу бойынша сабақтар өткізеді;
– білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жеке кеңес беру жұмыстарын жүргізеді;
– оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылайды;
– жүргізілген жұмыс және оның нәтижелері туралы әкімшілікті хабардар етеді.

Топ жетекшілерінің қызметін атқаратын педагогтер:
– ата-аналарды (заңды өкілдерді) жұмыс тәртібі туралы, кестелердің өзгерістері туралы, оқу процесін ұйымдастыру туралы, білім алушылардың оқу іс-әрекетінің барысы мен қорытындылары туралы, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзіндік жұмысы жағдайында хабардар етеді;
– білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдермен) күнделікті байланыс жасайды;
– жүргізілген жұмыс туралы әкімшілікті хабардар етеді.

kaz

Колледждің ішкі жүйесі

Байланыс

Адрес: Шымкент қ.
А.Байтурсынов көшесі
ғимарат №23
телефон: 8 (7252) 21-28-43
Email: kep_dos@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Copyright © knt-d 2019. Все права защищены.
политика конфиденциальности условия