Әлеуметтік- психологиялық қызмет

Әлеуметтік- психологиялық қызмет

Колледждегі психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. Психологиялық қызметтің құрамына психолог, колледж инспекторы және оқу топтарының жетекшілері кіреді. Психологиялық қызмет кабинетінде (416каб) психолог Іңкар Ақерке Дауренбекқызы жұмыс жасайды. Осы жерге студенттер хабарласып білікті психологиялық көмек алады.

Колледждегі психологиялық қызметтің міндеті:

– Инновациялық белсенді жұмыс әдістері мен нысандарын енгізу;

– Тұлғаны табысты оқыту, дамыту әрі оның әлеуметтенуі мен кәсіби қалыптасуы үшін психологиялық жағдай жасау;

– Оқу-тәрбие үрдісі субъектілерінің арасындағы өзара түсіністікпен, өзара әрекеттестікті нығайтуға жағдай жасау;

– Білім алушылардың әлеуметтік маңызды тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін жеке қызығушылықтар мен қажеттіліктерді дамыту;

– Колледждегі оқу үрдісі мен тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында психологиялық зерттеулер жүргізу;

– Білім алушылар, педагогтар, ата-аналар арасында салауатты өмір салтын үгіттеу және алдын-алу жұмыстарын жүргізу.

Негізгі жұмыс бағыттары:

– Психодиагностикалық бағыт;

– Психопрофилактикалық бағыт;

– Психокоррекциялық бағыт;

– Кеңес беру;

– Психологиялық білімді көтеру.

 Психологиялық қызметтің жұмыс кезеңдері:

 – Психологиялық қызмет бойынша жұмысты жоспарлау;

– Педагогикалық ұжым мүшелерімен жұмыс;

– Бейімделу кезеңін бақылау;

– Әртүрлі жас кезеңінде кездесетін қиыншылықтың алдын алу;

– Жас мамандарға көмек;

– Ата-аналармен жұмыс;

Внутренная система колледжа

Контактная информация

Адрес: г. Шымкент,
ул. А.Байтурсынова
здание №23
телефон: 8 (7252) 21-28-43
Email: kep_dos@mail.ru

Полезные  ссылки

Copyright © knt-d 2019. Все права защищены.
политика конфиденциальности условия