М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі.  Техникалық бөлім.

Техникалық бөлімде қазіргі таңда екі мамандық бойынша оқытылады:

1. 0902000-Электрмен қамтамасыз ету

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде 0902000-«Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы 2012 жылы қазіргі заман талабына байланысты ашылды. Бұл мамандық бойынша екі  жоғарғы санатты,  екі  1-ші санатты,  төрт 2-санатты оқытушылар сабақ береді. Көп жылдар бойы колледжде жас ұрпаққа білім берген, тәжірибесі мол Е.А.Нурлыбаев, Т.Шаманов, Қ.М.Орынбасаров сияқты ұстаздар еңбек етеді.

Бұл мамандық бойынша: «Қосалқы станциялар мен тарату тораптарының электр желілері», «Электрлік жарықтандыру», «Электр машиналары  мен  трансформаторлар»,  «Электротехникалық материалдар», «Электрлік өлшеулер», «Электротехникалық теория негіздері», Электр тораптарының электр жабдығын пайдалану, жөндеу және баптау», «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен қамтамасыздандыру», «Жалпы өнеркәсіптік тұтынушылар және оларды электрмен қамтамасыздандыру» және т.б пәндерден сабақ өтіледі. Бұл мамандыққа байланысты колледж қабырғасында заман талабына сай құрал жабдықтармен және зертханалық стендтермен жабдықталған . №116 «Электр жабдығын жөндеу»  шеберханасы бар. Оқу тәжірибесі кезінде студенттер электр тораптарының электр жабдығын пайдалану, жөндеу және баптау жұмыстарын жасап үйренеді.

Бұл мамандықта 2013-2017 жылдар аралығында Ауған Ислам Республикасынан студенттер де келіп, білім алып шықты.

Жоғарыда аталған мамандықтарға байланысты тәжірибелік сабақтарды оқытушылар серіктес компаниялармен бірлесе жүргізеді. Серіктес компаниялармен бірлесе отырып, студенттердің теорияда алған білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастыруына үлес қосады.

Серіктес компаниялар:

ЖШС «Оңтүстік ЖарықТранзит» инженері Н.Д.Айтубаев

ЖШС «Ай Сервис Транс» директоры А.Құлшынбай және т.б.

 

  •  

0902000 «Электрмен жабдықтау»
мамандығы

Біліктілігі:

Техник – электрик

Оқу мерзімі
жалпы білім базасында
орта білім базасында


3 жыл 10 ай
2 жыл 10 ай

Бөлім меңгерушісі

Қалқабаев Жансұлтан

Аталған мамандық бойынша жұмыс істейтін
оқытушылардың саны:

6

Мамандық бойынша топтардың саны:
 

7

 

Оқушылардың саны, барлығы:
Бюджет

135
135

 

2. 0802000-Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану мамандығы

 

Біліктілігі:

080204 3-Техник-механик

Оқу мерзімі
жалпы білім базасында
орта білім базасында


3 жыл 10 ай
2 жыл 10 ай

Бөлім меңгерушісі

Қалқабаев Жансұлтан

Аталған мамандық бойынша жұмыс істейтін
оқытушылардың саны:

3

Мамандық бойынша топтардың саны:
 

4

 

Оқушылардың саны, барлығы:

Бюджет

 

87

87

 

   Мамандыққа байланысты тәжірибелік сабақтарды оқытушылар серіктес компаниялармен бірлесе жүргізеді. Серіктес компаниялармен бірлесе отырып, студенттердің теорияда алған білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастыруына үлес қосады.

Әлеуметтік серіктестер

1) М.Әуезова атындағы ОҚМУ зерханасы.

2) АҚ «Оңтүстік Мұнай газ» ОО.

3) АҚ «КазТрансГазАймақ».

 

0802000-Мұнай газ құбырлары мен қоймаларын салу және пайдалану мамандығы 2006 жылы ашылды. Сол жылы алғашқы қазақ бюджет СЭГГ-1 тобы қабылданып, 2010 жылы бірінші түлектер шықты.

Қазіргі таңда барлық бітірген топ студенттері жақсы жерлерде маман иелері. Атап айтсақ:

СЭГГ-1 тобының студенті Сатыбалдиев Бағдат ЖШС ТS мекемесінде бас маман қызметі натқарады.

СЭГГ-2 тобының студенті Алиев Асылбек ЖШС ПетроКазакстан мекемесінде инженер қызметін атқарады.

СЭГГ-2 тобының студенті Аташев Исатай құрылыс компаниясында мердігер қызметін атқарады

СЭГГ-2 тобының студенті Жанысбеков Бексұлтан ЖЩС Оңтүстік Жарық Төлеби ауданы бойынша бөлім басшысы

СЭГГ-5 тобының студенті Құлтаев Ержан ЖШС ПетроКазакстан мекемесінде бас оператор  қызметін атқарады.

СЭГГ-1у тобының студенті Қаражанов Бағдат ЖШС ПетроКазакстан мекемесінде  оператор  қызметін атқарады.

МГ-01-11 тобының студенті Рахматулла Жансейт ЖШС АЙ-ДАН МУНАЙ мекемесінде инженер қызметінде

Білім алушылар оқу, өндірістік, технологиялық және диплом алды тәжірибелерін оқу шеберханаларында, оқу орталықтарында және әлеуметтік серістестердің өндіріс базасында жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кафедра оқытушыларының жетістіктері: 2015 жылы М.Ауезов университетінің 60 жылдығына арналған дүние жүзілік ғылыми-практикалық конференцияда Заурбеков М.Н. «Шаң тазалау аппаратының гидравликалық кедергісін зерттеу» тақырыбында М.Ауезовның жинақтарына шығып, сертификатпен  марапатталды.

2015 жылы Заурбеков М.Н. жекшілігімен МГ-01-13 тобының студенті Бостан Женіс Украинада өткен «Интелектуальный потенциал ХХІ века» дүние жүзілік конференцияда онлайн доклад оқып дипломмен марапатталды.

2016 жылы Заурбеков М.Н. жетекшілігімен МГ-01-13 тобының студенті Бостан Женіс ОҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған « Жаңа дәуірдегі жаңа иновация» тақырыбындағы студент жастарының ғылыми конференциясына қатысып ЖАҢАШЫЛ СТУДЕНТ номинациясына ие болды.

Внутренная система колледжа

Контактная информация

Адрес: г. Шымкент,
ул. А.Байтурсынова
здание №23
телефон: 8 (7252) 21-28-43
Email: kep_dos@mail.ru

Полезные  ссылки

Copyright © knt-d 2019. Все права защищены.
политика конфиденциальности условия