Құрылыс бөлімі

Құрылыс бөлімі :

 «1401000-Ғимараттар мен  құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша орта кәсіптік білімді маманның

 

БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАСЫ

 

Біліктілігі  : 1401213-Құрылыс технигі

 

Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, текеңбек құрал-жабдықтары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (материалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді.

 

Құрылыс технигінің кәсіптік құзіреттілігі:

  • Жобаланған сызу мен сызба геометрияның амал – тәсілдері, қағидаларын практикада қолдану;  
  • Негізгі электротехниканы білу және ғимаратты электрмен жабдықтаудың негізгі есептерін жасау;
  • Құрылыс материалдары менбұйымдарының қолданылу аясы мен негізгі қасиеттері жайлы білімдерін практикада қолдану және оларды қабылдау мен қоймаға сақтау ережелерін, шығынды үнемдеу бойынша қойылатын талаптарды білу;
  • Техникалық жәнетарифтікнорма негіздерін, жобалық – сметалық құжаттарды бекіту мен келісу, жасалу тәртібі, құрамы жайлы білімін практикада қолдану;
  • Құрылыс ұйымдарының (мекемелерінің) қызметін ұйымдастыру және жоспарлау жайлы білу;
  • Құрылыс ұйымдарын басқару негіздерін білу;
  • Маркетинг стратегиясы мен тактикасын білу;
  • Құрылыс сызбаларын жасау міндеттерін шешуде нормативтік құжаттарды қолдану;
  • Құрылыс сызбаларын қолмен және компьютерлік графикамен жасау;
  • Нақты жағдайда қолдануүшінқұрылыс материалдары мен бұйымдарын техникалық жәнеэкономикалық жағынан негізделген таңдау жасау;
  • Жұмыс өндірісінде наряд жасау, бригаданың алатын жалақысын есептеп шығару,  бөлу;
  • Құрылыс ұйымының экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіштерін есептеу;
  • Нарық жайлы мәліметтерді пайдалану, тауар атауларын, тауар қозғалысы мен өтімін анықтау.

 

Мерзімі:  11 сыныптан кейін:  2 жыл 10 ай;

                 9 сыныптан кейін:  3 жыл  10 ай.

 

Внутренная система колледжа

Контактная информация

Адрес: г. Шымкент,
ул. А.Байтурсынова
здание №23
телефон: 8 (7252) 21-28-43
Email: kep_dos@mail.ru

Полезные  ссылки

Copyright © knt-d 2019. Все права защищены.
политика конфиденциальности условия