Қажетті құжаттар

Қажетті құжаттар :

 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

   1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;

      2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

      3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6697 болып тіркелген) № 088-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыны;

      5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушылар - шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

      1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;

      2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

      3) босқын – босқын куәлігі;

      4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

      5) оралман - оралман куәлігі.

      Порталға:

      1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;

      2) білімі туралы құжаттың немесе білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

      3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 нөмірімен тіркелген) бекітілген № 088-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электрондық көшірмелері;

      4) 3x4 см көлеміндегі фотосурет;

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

      1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;

      2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.

      Белгілі бір аумақта тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушылар осы тармақтың бірінші абзацының 4) тармақшасында және екінші абзацының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды шектеу іс-шараларының алынуына, төтенше жағдайдың тоқтатылуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына ұсынады.".

kaz

Колледждің ішкі жүйесі

Байланыс

Адрес: Шымкент қ.
А.Байтурсынов көшесі
ғимарат №23
телефон: 8 (7252) 21-28-43
Email: kep_dos@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Copyright © knt-d 2019. Все права защищены.
политика конфиденциальности условия